ШҚО-да қар көшкіні болды, қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ

ШҚО-да қар көшкіні болды, қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ

Қазселденқорғау ШҚ филиалының мамандары ағымдағы қысқы кезеңде профилактикалық түсірулер шеңберінде шамамен 128490 текше метр қар түсіру жұмысына жүргізуіне қарамастан, облыста қар көшкіні қаупі сақталуда. 2022 жылғы 04 сәуірде сағат 10.00-де "Өскемен-Рахман қайнары" учаскесінде 435 және 437 км.өздігінен 360 текше метр қар көшкіні түсті.
Қар массасы жолды толығымен жауып тастады. Құрбандар мен қираулар саны жоқ. Қазіргі уақытта автожолда автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалысқа шектеу енгізілді. Сол жерде "Қазавтожол"ЖШС техникасы жұмыс істеуде.

Естеріңізге сала кетейік, облыста 497 көшкін қаупі бар ошақтар бар, олардың 336-сы құрылыстарға, автожолдарға және адамдардың өміріне қауіп төндіреді.

Қазселденқорғау және ШҚО ТЖД мамандары көшкін қаупі бар ошақтардан өту кезінде тұрғындарға өте мұқият болу, олардың жанында тоқтамау, сондай-ақ дауылды ескерту кезінде тауға бармау қажеттігі туралы ескертеді. Әзірге облыста дауылды ескерту 07 сәуірге дейін қолданылады.
Төтенше жағдай кезінде 112 нөмірі бойынша хабарласуға болады.

 

ШҚО ТЖД баспасөз қызметі