Целиноград ауданына су тасқынымен күресу үшін қосымша күштер жіберілді

Целиноград ауданына су тасқынымен күресу үшін қосымша күштер жіберілді

Су тасқынына қарсы іс-шаралар шеңберінде жергілікті атқарушы органдарға көмек көрсету үшін аудандарға Төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары жіберіледі. Бүгін қызметкерлер Целиноград ауданына аттанды.

 «Бүгін құрылған колонналар тікелей Целиноград ауданында авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге бағытталған. Барлығы күштер мен құралдар тобы 59 адамды, 15 бірлік техниканы, екі бірлік мотопомпаны, 10 бірлік жылжымалы мотопомпаны құрайды», – деп атап өтті ТЖ департаменті бастығының орынбасары Манарбек Шапағатов.

Ақмола облысының аумағында гидрологиялық бекеттер ауданындағы су объектілерінде тұрақты мұз қабаты сақталады. Облыстың су қоймаларындағы мұздың қалыңдығы: Астана су қоймасы – 82 см, Сілеті су қоймасы – 90 см. Сондай-ақ, су тасқыны жағдайы асқынған жағдайда басқа облыстардан күштер топтары құрылды.

 

 

Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі