
2022 жылғы 2 сәуірде Батыс Қазақстан облысына Төтенше жағдайлар вице-министрі Марат Күлдіков жұмыс сапарымен барды.
Вице-министр облыстың қауіпті аумақтарындағы су тасқыны жағдайымен танысты. Ол Батыс Қазақстан облысында су басу салдарын жоюға бағытталған Маңғыстау облысы төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдарын топтастыру бойынша нақты тапсырмалар берді.
Жұмыс сапарының бірінші күні вице-министр М.Күлдіков, облыс әкімінің орынбасары Т.Меңдіғалиев және БҚО төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Е.Өтегенов бірнеше аудандардың аумағын аралап шықты. Маршрут Теректі ауданын аралаумен басталып, Бөрлі ауданының аумағымен Ақсай қаласына қонды. Аудан әкімі М. Сатқанов қар еру нәтижесінде 12 тұрғын үй су астында қалған Қызылтал шағын ауданындағы су тасқыны жағдайымен таныстырды. Тұрғындарды эвакуациялау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар, еріген суды бұру бойынша іс-шаралар туралы баяндады.
Одан әрі вице-министр бастаған топ Ақсай қаласының проблемалық учаскелері мен автожолдарды аралады. Барлық қызметтер мен басқару органдарына нақты тапсырмалар берілді.
Сырым ауданының Өленті, Бұлдырты, Аңқаты, Шідерті өзендері арналарының бойында орналасқан Бұлдырты, Жымпиты, Алғабас, Тоғанас кенттерінің аумағын әуе арқылы шолу жүргізді.
Жұмыс сапарының екінші күні Марат Күлдіков облыстың солтүстік-батыс бөлігін, Тасқала, Бәйтерек аудандары және Шаған өзенінің акваториясын аралады.
2 сәуір күні кешке облысқа Маңғыстау облысы ТЖД күштері мен құралдары, яғни 43 құтқарушы, 4 бірлік техника және 2 жүзу құралы, 6 мотопомпа келді. Олар авариялық-құтқару және басқа да жұмыстарды жүргізу үшін орналасу орындарына жіберілді.
БҚО ТЖД баспасөз қызметі