Маңғыстау облысының ТЖД қызметкерлері Батыс Қазақстан облысының су тасқынына көмек көрсетуде

Маңғыстау облысының ТЖД қызметкерлері Батыс Қазақстан облысының су тасқынына көмек көрсетуде

Батыс Қазақстан облысындағы орын алып жатқан су тасқынына көмек көрсету мақсатында, ағымдағы жылғы 01 сәуір күні Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінен 43 қызметкер жеке құрам, 4 бірлік техника, 6 мотопомпа және 2 бірлік жүзу құралы жөнелтілді.
"Екінші сәуірден бастап Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдар тобы Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті басшылығының өкіміне келіп түсті. Маңғыстау жедел тобы келесі бағыттарға бөлінді, атап айтқанда Сырым ауданы (Орал қаласынан 130 км.), Тасқала ауданы (Орал қаласынан 80 км.) қап-ыдысты дайындау және Деркөл өзенінің арықтары мен арналарын тазарту үшін.
Келесі күні, яғни 3 сәуірде Маңғыстау облысының жедел тобы екі бағытқа, атап айтқанда Ақсай қаласына (14 адам және 1 бірлік техника) және Қаратөбе ауданына (13 адам және 1 бірлік техника) бөлінді.
Қалыптасқан қауіпті су тасқыны жағдайына байланысты Маңғыстау облысынан жедел топтар бір қауіпті учаскеден екінші учаскеге көшіріледі, бұл климаттың күрт жылынуына байланысты, соның салдарынан еріген су мен қардың күрт еруі салдарынан БҚО –да халыққа және жекелеген елді мекендерге қауіп төніп тұр", - деді Маңғыстау облысы ТЖД бастығының орынбасары подполковник Бекболат Каирбекұлы Абдикадыров.

Маңғыстау ТЖД баспасөз қызметі