Ақтөбе облысы ТЖД бастығы облыс аумағын аралады

Ақтөбе облысы ТЖД бастығы облыс аумағын аралады

Ақтөбе облысы ТЖД бастығы полковник Марғұлан Аманбаев ТЖ алдын алу басқармасы бастығы және Байғанин, Темір аудандарының әкімдерімен су тасқыны қаупі бар учаскелерді тексерді.
Жұмыс сапары Байғанин ауданы Ноғайты өзенін аудан әкімі Қ. Отаровпен бірге Қазавиақұтқару еврокоптерімен әуеден қараудан басталды. Әрі қарай осы өңір арқылы өтетін Сағыз өзенінің деңгейі қаралды. Елді-мекенге қауіп жоқ.
Одан әрі, Департамент басшылығы Темір ауданы әкімі С. Аманбаевпен су тасу қаупі бар учаскелерге барды. Қазіргі уақытта Шұбарқұдық ауылына кіреберісінде жиналған еріген қар суын бұру үшін 2000 қап инертті материалдарды төсеу жұмыстары жүргізілуде.
Басқа аудандардағы су тасқыны жағдайы бақылауда.