Су тасқынына дайындық ерекше бақылауда

Су тасқынына дайындық ерекше бақылауда

Қарағанды облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Мұрат Катпанов пен «Қазгидромет» РМК Қарағанды облысы бойынша филиалының гидрология бөлімінің бастығы Ілияс Сейтқалиевтің қатысуымен брифинг өтті.

Қазіргі уақытта облыста су тасқыны жағдайы тұрақты. Жауын-шашын мен алдағы аптада температураның күрт көтерілуін ескере отырып, күндіз де, түнде де қарқынды қар еруі, өзендерде сең жүруі және барлық мәндегі автомобиль жолдарының бойында айтарлықтай еріген су көлемінің пайда болуы күтіледі. Аула аумақтарын су басудың алғышарттары бар.

Наурыз айында жауын-шашыннан кейін Нұра өзенінің бассейнінде ылғал қорының орташа көлемі 12% - ға артқаны байқалады. Шерубай-Нұра өзенінің бассейнінде ылғал қоры 54 млн.м3 артты, алайда бұл көрсеткіш орташа көп жылдық мәннен 54% төмен.

11 наурыздан бастап облыс бойынша Нұра, Есен, Жарлы өзендерінде және Қарасор көлінде теміржол төсемінің бойында жалпы ауданы 2975 м2 9 жарылыс жұмыстары жүргізілді. Нұра және Осакаров аудандарындағы өзен учаскелерінде жарылыс жұмыстарын жүргізу жоспарлануда", - деді Мұрат Қатпанов. Жолдардағы су өткізу құрылыстарының 85% жуығы тазартылды.  Сондай-ақ 33,9 км каналдар, 162 км арықтар тазартылды, 12 км су бұрғыш траншеялар кесілді. 33834 адамды қамтумен 287 елді мекенде 411 халықпен жиын және 379 рейд өткізілді. Тұрғындарға 25486 жадынама таратылды. «Департаменттің жоғары өтімді, инженерлік және арнайы техникасы, оның ішінде жүзу құралдары мен мотопомпалар тексерілді және саны 6 топтама бойынша жеке құрамнан 313 адам, 184 бірлік техника, оның ішінде 134 бірлік мотопомпа және 31 бірлік жүзу құралдары бекітілді. Сонымен қатар, резервте ТЖМ, Ұлттық гвардия және ҚР Қорғаныс Министрлігінің 7 әскери бөлімінің жеке құрамнан 309 адам, 40 бірлік техника және 2 жүзу құралы бар»,-дейді Мұрат Қатпанов.

Спикерлер жеке сектор тұрғындарын өз аумақтарындағы қарама-қарсы іс-шараларға уақтылы қамқорлық жасауға шақырды. Арық жүйесін уақтылы тазарту, қар шығару және жеке тұрғын үй секторының тұрғындары қабылдайтын басқа да алдын алу шаралары маңызды алдын алу шарасы болып табылады және аула аумақтары мен құрылыстарын су басудың алдын алуға көмектеседі.

 

 

Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі