Департаментте Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдерінің қатысуымен дәріс өткізілді

Департаментте Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдерінің қатысуымен дәріс өткізілді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша Департаменті өкілдерінің қатысуымен іс-шаралар өткізіледі.

2022 жылғы 16 наурызда Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілерін болдырмауға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын сақтауға бағытталған профилактика мақсатында Департамент қызметкерлерімен БКБ режимінде жеке құрамның қатысуымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша алдын алу шаралары» тақырыбында дәріс өткізілді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы түсіндіру үшін Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті превенция басқармасының қызметкері А.А. Галеева шақырылды.

Аталған іс-шараны өткізудің негізгі мақсаты сыбайлас жемқорлыққа қарсы қылмыстарды болдырмау бойынша алдын алу болып табылады. Кеңес барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағдарламасын жүзеге асыру мәселелері талқыланды.

 

 

Ақмола облысы ТЖД кадр саясаты басқармасы