
2022 жылғы 1 сәуірде «Жетібаймұнайгаз» өндіріс басқармасының «Жетібай» кен орнында «Газ және мұнай фонтандарындағы өртті сөндіру әдісі» тақырыбында кешенді өрт-тактикалық оқу-жаттығу өтті.
Сондай-ақ, оқу-жаттығуға ҚР Төтенше жағдайлар вице -министрі М. М. Кульдиков, ҚР ТЖМ өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары С. Қ. Қазақбаев, басқарма бастығы А. В. Чистяков, Қызылорда, Атырау, Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстары ТЖД бастықтары мен орынбасарлары, Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті, объект әкімшілігі мен басшылық құрамы және БАҚ өкілдері қатысты.
Кешенді өрт-тактикалық оқу-жаттығу шеңберінде мемлекеттік өртке қарсы қызмет, мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің ұқсас объектілеріндегі өрттерді сөндіру кезінде жауынгерлік әзірлік, ұйымдастырушылық және практикалық дағдылар дәрежесі тексерілді.
Жергілікті атқарушы органдардың, объект әкімшілігінің лауазымды адамдарының, ТЖД басшы құрамының, өрт сөндіруді ұйымдастыру және басқару бойынша өртке қарсы қызмет органдарының практикалық дағдыларын жетілдіру деңгейі бағаланды. Техногендік өртті жоюға қатысатын бөлімшелермен радиоалмасу ұйымының өңделуін жеке бағалады.
«Жетібаймұнайгаз» өндіріс басқармасының негізгі міндеті – мұнай мен газды өндіру, мұнай газын тасымалдау, жер қатпарының қысымын бір қалыпта ұстау үшін оған су айдау және мұнайды сорып шығаруға дайындау болып табылады.
Кешенді өрт-тактикалық оқу-жаттығудың тактикалық мақсаты бойынша қызмет көрсету жұмыстары кезінде № 77 пайдалану ұңғымасының арматурасына зақым келеді және ұңғыма ашық атқылама режиміне өтеді.
Оқу-жаттығу аяқталғаннан кейін барлық бөлімшелердің іс-қимылдары талқыланып, іс-шараның қорытындысы шығарылды. Вице-министр өз сөзінде "бұл нысан жарылыс–өрт қауіпті болып табылады және осындай оқу-жаттығулар қызметкерлер қалай әрекет ету, ең бастысы-қандай да бір штаттан тыс жағдайда өзара іс-қимыл жасау дағдылары мен білімдерін пысықтау үшін өткізіледі...» деді.
Оқу-жаттығуға «Маңғыстау облысы ТЖД ӨС және АҚЖҚ (Ақтау қаласы)» ММ, «Семсер Өрт сөндіруші» АҚ, «Ақберен» КӘАҚҚ РОШ ЖШС, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-дан барлығы 146 адам,48 бірлік техникасы жұмылдырылды.
Маңғыстау облысы ТЖД баспасөз қызметі