Жамбыл облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің Тараз қалалық өрт сөндіру бөлімдерінің жеке құрамымен сыбайлас жемқорлық фактілерінің алдын алу мақсатында жиналыс өткізілді.
Аталған шара барысында Жамбыл облысы ТЖД жеке құрам бойынша инспекторы азаматтық қорғау капитаны Әділхан Қалханов мемлекеттік қызметшілердің жұмыс барысында және жұмыстан тыс уақытта ҚР Заңнамаларын әрдайым қатаң сақталуын басшылыққа алып, жолда жүру ережелерін де қатаң сақтаулары қажеттігін баса айтты. Ал сыбайлас жемқорлық әрекеттерін байқаған жағдайда сенім телефондарына қоңырау шалып, жемқорлыққа тойтарыс беру қажеттігін ескертті. Жамбыл облысы ТЖД сенім телефоны 45-77-86 болып табылады.
Жамбыл облысы ТЖД
Қоғаммен байланыс тобы