
Ақтөбе облысы ТЖД Дағдарыс орталығында департамент бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі А.Д. Төлешевтің және Ақтөбе облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінің превенция басқармасы басшысының орынбасары Махмутов Нұрболат Байзақұлы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызмет саласын бақылау басқармасының бас маманы Жумин Адиль Бірлікұлының қатысуымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Кездесу барысында Ақтөбе облысының ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқарма бастығы азаматтық қорғау полковнигі Е. В. Овчарский және дөңгелек үстел қонақтарының баяндамалары тыңдалды.
Кездесу нәтижесінде сұрақтар қойылып, нақты жауаптар алынды.
Ақтөбе облыстық ТЖ Департаменті және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен бірге өткізілген жиналыстың қорытындысы бойынша бірігіп мониторинг жүргізу жүргізу туралы өз ұсыныстарын білдірді.
Ақтөбе облысы ТЖД
Қоғаммен байланыс тобы