Павлодарлық оқушылар ТЖД бастығымен бір күн өткізді

Павлодарлық оқушылар ТЖД бастығымен бір күн өткізді

Мемлекет басшысының «Жаңа Қазақстан» тұжырымдамасы аясында және Президент Жолдауында балалар жылын жариялауна орай, Павлодар облысы ТЖ департаментінде Павлодар қаласының оқушылары үшін Департамент бастығымен бір күн өтті.  № 16 лицейдің 9 сынып оқушысы Игорь Леликов және № 35 жалпы орта білім береу мектебінің 7 сынып оқушысы Архат Байзақ Департамент бастығы генерал-майор Жасұлан Жұмашевпен бір күн өткізу құрметіне ие болды.

Күн тәртібі бойынша балалар таңертеңгілік жиналысқа және жедел кеңестерге қатысты, сондай-ақ № 4 өрт сөндіру бөліміне барды.

Күн жеке құрамның генерал-майор Ж.Жұмашевтың таңертеңгілік жиналысынан басталды. Департаменттің басқарма басшыларына жаңа мақсаттар мен міндеттер қойылды. Одан әрі ТЖМ бейнеконференц байланыс арқылы және ТЖД ZOOM арқылы кеңестер өтті, онда ауа райының  нашарлауына және елдегі су тасқыны жағдайына байланысты өңірлердің жедел жағдайы туралы баяндалды. Жиналыстарда оқушылар баяндамашыларды мұқият тыңдап, осы бағытта Отан алдында қызмет ету және жауапты болу қаншалықты қиын екенін түсінді.

Түстен кейін мектеп оқушылары Департамент бастығымен бірге № 4 өрт сөндіру бөліміне барып, онда генерал-майор Ж. Жұмашев бөлімнің жеке құрамымен Президент Қ. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын түсіндірді.  Балаларға өрт сөндіру бөлімі бойынша экскурсия өткізді, олар өрт сөндіруші рөлінде болып, онда өрт сөндірушінің формасын киіп көрді және КамАЗ базасындағы автоцистернаның рульіне отырды. 

- Мен генерал-майор Жасұлан Жұмашевпен бір күн өткізген ТЖ Департаментіне өз алғысымды білдіргім келеді. Мен өз көзіммен көрдім және бүкіл Департаменттің бастығы болу үшін қаншалықты жауаптылық керектігін түсіндім. Өйткені, барлығы басшыға байланысты -, деп атап өтті 35 ЖОМ 7-сынып оқушысы Архат Байзақ.

Сондай-ақ оқушылар ТЖ департаментінің мұражайына экскурсияға барды. Экскурсия жетекшісі балаларды біздің аймақтың өртке қарсы қызметінің қалыптасу тарихымен таныстырды. 

- Мен бүгін генерал-майор Ж. Жұмашевпен бірге өткізген күніміз үшін алғысымды білдіремін. Генерал-майормен танысу және уақыт өткізу ол құрмет.  Мен бүгін өрт сөндірушілермен және құтқарушылармен таныстым, өрт сөндірушінің формасын киіп көрдім. Өрт сөндірушінің жұмысы өте ауыр екенін түсіндім. Мен осындай құрмет үшін ризамын. Осылайша № 16 лицейдің оқушысы Игорь Леликов өз алғысын білдірді.

        

         Павлодар облысы ТЖД