Елордалық ТЖ департаментінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта дәріс өткізілді. Дәріске ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментінің превенция басқармасының аса маңызды істер жөніндегі офицері Алмагүл Кенебаева және Департамент спикерінің пулы, «Холдинг NAK» ЖШС бас директорының саяси мәселелер жөніндегі кеңесшісі Айдос Шәріпжанов шақырылды.
Сабақ барысында Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 2 ақпандағы № 802 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының негізгі аспектілері ашылды. Іс-шара барысында белсенді диалог жүргізіліп, қызметкерлерді қызықтырған мәселелерге жауаптар берілді. Сонымен қатар сыбайлас жемқорлық іс-әрекеттері туралы бейнероликтер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат туралы слайдтар көрсетілді.
Нұр-сұлтан қ.ТЖД баспасөз қызметі