Семинар-кеңес өткізілді

Семинар-кеңес өткізілді

«Индустрия және даму министрлігі – Адалдық алаңы» жоспарын іске асыру мақсатында «Аntikor ortalyǵy» сервистік орталығының алаңында семинар-кеңес өткізілді.

Семинар-кеңесте азаматтық қорғаныс және кәсіпкерлік субъектілерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері талқыланды.

Семинарға Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері және 25 ұйымның өкілдері қатысты.

Семинар-кеңес шеңберінде бизнес субъектілерімен қойылған өзекті мәселелер мен сұрақтар қаралды, оларды шешу жолдары мен қазіргі кезеңдегі азаматтық қорғанысты дамыту перспективалары талқыланды.

 

 

Ақтөбе облысы ТЖД

Қоғаммен байланыс тобы