
2022 жылғы 31 наурызда сағат 16:36-да ТЖД құтқарушылары Восточное ауылының тұрғынын Арқалық қаласының ауруханасына жеткізді. 1974 жылы туған ауыл тұрғыны медициналық көмекке мұқтаж болғаны анықталды. Ауылға баратын жол қармен жабылған еді. Алайда құтқарушылар «СКБ-600» жол талғамайтын көлігімен 33 шақырым қашықтықта орналасқан елді мекенге қауіпсіз жетті.
Осы күні Арқалық-Жалғызтал тас жолында қаладан 30 шақырым жерде жолаушылары бар 6 автокөлік ауа-райының нашарлауына байланысты жолда қалғаны белгілі болды. Адамдар қар апатына төтеп бере алмай, құтқарушылардан көмек сұрады. Сағат 18:15-те ЖҚЖ қызметкерлері өтімділігі жоғары «СКБ-600» техникасымен оқиға орнына келді. Екі сағаттан кейін 30 адам, оның ішінде 10 бала Арқалық қаласына эвакуацияланды.
Құтқару операциясы нәтижесінде ешкім зардап шеккен жоқ.
Қоғаммен байланыс тобы
Қостанай облысы ТЖД