
Бүгін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментіндегі «Antikor ortalygy» сервистік орталығында азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің қатысуымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру, парасаттылық пен адалдық қағидаттарын насихаттау» тақырыбынды дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстелдің мақсаты ашықтық пен әділдікке негізделген азаматтық қоғам құру, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, қызметкерлер арасында заңдылық пен тәртіп орнату болды.
Аталмыш дөңгелек үстелге Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің бас маманы Рашид Тұраров пен Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығының орынбасары Бауыржан Ізбасаров, ТЖД басқарма, бөлім басшылары мен мамандары қатысты. Ал, аудандық бөлім басшылары мен жеке құрам бейнеконференция байланысы арқылы дөңгелек үстелге қатыстырылды.
Іс-шара барысында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында бейнероликтер көрсетілді. Дөңгелек үстел соңында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға да нақты жауап берілді.
Қызылорда облысы ТЖД баспасөз қызметі