ШҚО ТЖД офицерлері мен жеке құрамының Қазақстан Республкасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ШҚО бойынша департаментінің өкілі Гүлнұр Бекбаевамен кездесуі өтті.
Бұл маңызды іс-шара «Жаңа Қазақстан» бағдарламасы аясында өтті. Басты мақсат мемлекеттік органдарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларды жүргізу. Кездесу барысында ШҚО ТЖД қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың ережелері, қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлық және жалпы қабылданған моральдық-қоғамдық орындарда этикалық нормалары егжей-тегжейлі түсіндірілді.
Агенттік өкілі мемлекеттік қызмет моделін одан әрі жетілдіру заманауи технологиялар мен механизмдерді енгізу есебінен жүзеге асыру бұлжытпай сақтауға негізделген кадрларды іріктеу және жоғарылату меритократия принципіне ерекше назар аударды. Көрнекі мысал үшін заңнан аттап өтіп, сыбайлас жемқорлық фактілеріне жол берген және жасаған адамдардың өмірін әңгімелеген әлеуметтік роликтер көрсетілді.
Кездесу соңында спикер өңірде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша жүргізіліп жатқан іс-шаралар, сыбайлас жемқорлыққа жағдай жасайтын құқық бұзушылақтар және олар үшін жауапкершілік туралы ақпаратты жеткізді.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметі