Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінде сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу бойынша жеке құраммен семинар-кеңесі өткізілді

Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінде сыбайлас  жемқорлыққа жол бермеу бойынша жеке құраммен семинар-кеңесі өткізілді

2022 жылғы 17 наурызда Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің дағдарыс орталығында бейнеконференцбайланыс арқылы Қалдығұжин Д.К. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау туралы» тақырыбында семинар-кеңес өткізілді.Мақсат – жеке құрам арасындағы сыбайлас жемқорлықпен күрес. Семинарға Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің құрылымдық, аумақтық және ведомстволық бағынысты бөлімшелерінің қызметкерлері қатысты.

Бейнеролик көрсетумен Алматы облысы аумағындағы сыбайлас жемқорлық қылмыстары туралы құқық бұзушылық статистикасы жеткізілді, сондай-ақ жеке құрам арасында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің құрылымдық, аумақтық және ведомстволық бағынысты бөлімшелерінің басшыларына нақты бағыт берілді.

 

Алматы облысы ТЖД

Кадр саясаты басқармасы