Атырау облысы Қызылқоға ауданы Сағыз ауылында тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары күшейтілді

Атырау облысы Қызылқоға ауданы Сағыз ауылында тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары күшейтілді

30 наурыз күні сағат 22.00-де Атырау облысы Қызылқоға ауданы Сағыз ауылында Актөбе облысында қардың еруі салдарынан Сағыз станциясы арқылы өтетін Ноғайты өзені тасыды. Су деңгейі шамамен 3 метрге көтерілді.

Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті, аудандық ішкі істер бөлімі, жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ жергілікті тұрғындар, кәсіпорындар мен ҚТЖ қызметкерлері тұрғындарды мектепке, колледжге эвакуациялады. Сондай-ақ құм төсеніштерін нығайту жұмыстары жүргізілді. Барлығы 182 адам, оның ішінде 20 жеке құрам мен 2 техника жұмылдырылды.

24 жеке тұрғын үйден 50 тұрғын, оның ішінде 23 бала эвакуацияланды. Оларды туыстары қоныстандырды. Су басу қаупі сейілген соң эвакуацияланғандар үйлеріне сағат 03.30-да оралды.

Тиісті шараларды жедел қабылдаудың арқасында су басу қаупінің алдын алды. Бірде-бір үй зардап шеккен жоқ.

31 наурыз күні сағат 09.00-де су деңгейі төмендеді. Ноғайты өзені арнасына енді, тасқын қаупі сейілді.

 

 

Атырау облысы ТЖД

Қоғаммен байланыс тобы