Биыл Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының түлектерінің бірі ішкі қызмет полковнигі Ақпаров Нұрпейіс Ақпарұлы атынан берілетін шәкіртақы иегері атанбақ.
Бұл туралы шешім полковниктің қызы Разия Нұрпейісқызының өзі қатысқан оқу орнының Ғылыми кеңесінің отырысында қабылданды. Атаулы стипендияның демеушілері – ардагердің балалары мен немерелері.
Нұрпейіс Ақпарұлы өртке қарсы қызметте 35 жылдан астам қызмет етті. Ол қатардағы өрт сөндірушіден, Щучье қаласының қалалық өрт сөндіру бөлімінің бастығынан Торғай облысы мемлекеттік өртке қарсы қызмет басқармасының бастығына дейін жетті. 100 000 теңге көлемінде атаулы шәкіртақы жылына бір рет Академияда оқуды аяқтағаннан кейін тағайындалады және күндізгі оқу бөлімі факультетінің оқу үлгерімі жақсы, оқу орнының ғылыми, қоғамдық және спорттық өміріне белсенді қатысқан ең үздік түлегіне тағайындалады. Үміткерлерді таңдауда негізгі талаптардың бірі GPA болып табылады. Ғылыми кеңес мүшелері өрттің алдын алу кафедрасының электр қондырғыларындағы кабинетіне ішкі қызмет полковнигі Н.А. Акпаровтың есімімен атау жөнінде бірауыздан шешім қабылдады.
Сондай-ақ ғылыми кеңесте М.Ғабдуллин, Ж.Ахметов, Б.Нүкішев, Ж.Тұрлыбековтердің, 1989 жылы 20 мамырда Алматыда және 2021 жылы 26 тамызда Жамбыл облысы Байзақ ауданында болған қайғылы оқиғалар кезінде қаза тапқан тұлғалардың есімдерін Академияның өзге де аудиторияларына беру туралы ұсыныстар талқыланды.
ҚР ТЖМ Мәлік Ғабдуллин атындағы
Азаматтық қорғау академиясының баспасөз қызметі