Павлодар облысының аумағында 1 млн 656 мың м3 астам қар шығарылды және 472 су өткізу құбырлары қардан тазартылды. Бұл туралы брифингте Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы генерал-майор Жасұлан Жұмашев хабарлады.
Спикер сондай-ақ, ТЖ-ға жедел әрекет ету үшін бүгінгі таңда су тасқыны қаупі жоғары өңір, бұл Ақтоғай ауданы, онда су тасқынына қарсы жұмыстарды жүргізу үшін Департаменттің күштері мен құралдары жіберілгенін атап өтті. Биыл Департамент мұзды жаруды емес, мұзды жағадан бөлу үшін кесуді жоспарлап отыр. Шолақсор ауылы маңындағы Сілеті өзеніне жағалауы бойынша ағатын еріген су мұзды көтереді. Аталған жұмыстар үшін департаменттен 6 адам және 2 бірлік техника бөлінді. Үлкен су келген жағдайда, осы елді мекенде тасқын суларды бұру үшін дамба және су өткізу құбырлары бар.
Су тасқыны қаупі бар келесі учаскеге Баянауыл ауданы және Май ауданының кейбір учаскелері жатады. Баянауыл ауданы бойынша қар қоры шамамен 2 см құрайды, ағымдағы жылғы 6-7 наурызда Баянауыл ауданында жауын-шашынға байланысты тау бастауларындағы су Бірлік ауылдық округін су басу және автожолдың шайып кету қаупін тудырды. Бұл қауіп жойылды және бақылауда тұр.
Департаменттің бақылауында 35 елді мекен бар, онда 2 766 тұрғын үй орналасқан. Тұрғындардың саны 10 089 адамды құрайды. Оның ішінде 17 елді мекен қардың еріген суы себебінен су басуға бейім және 17-сі өзендердегі су деңгейінің көтерілуіне байланысты.
Су тасқыны салдарын жоюға 1000 адам, 600 бірлік техника, 43 жүзу құралы және 201 мотопомпа, оның ішінде департаменттен 186 адам, 55 бірлік техника, 71 мотопомпа, 7 жүзу құралы дайындалды.
Одан әрі спикер өрт қауіпті кезең мәселесіне тоқталды. 2021 жылғы өрт қауіпті кезеңде табиғи өрттердің алдын алу жөніндегі уақтылы шаралардың арқасында орман өрттерінің санын 12,3%-ға, ал өрт алаңдары 6,1%-ға төмендетуге мүмкіндік берді. Бұл ретте материалдық залалдың 3 есе өсуі байқалады. Күштер мен құралдардың аймақтық тобы анықталды. Жалпы саны 829 адам және 193 бірлік техника, оның ішінде 75 автоцистерна, 116 бейімделген техника, 2 өрт сөндіру пойызы.
Департамент бастығы генерал-майор Жасұлан Жұмашев Павлодар облысының азаматтарын өрт қауіпті кезеңінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға және бақылаусыз құрғақ шөпті жақпауға шақырды.
Іс-шара соңында спикер журналистердің барлық сұрақтарына жауап берді.
Павлодар облысы ТЖД