
Қазақстан Республикасының Сенат депутаттары Алматы қаласы ТЖ Департаменті бастығының міндетін атқарушы азаматтық қорғау полковнигі Самат Асайыновтың және ҚР ТЖМ «Қазселденқорғау» ММ басшысы Кәрім Көкрекбаевтың қатысуымен «Аюсай» шатқалындағы салынып жатқан сел бөгеттің нысанын аралап, құрылыс-монтаждау жұмыстарының барысымен танысты.
Самат Асаинов ТЖД-нің халықты ақпараттандыру жөніндегі қызметі және көшкін қаупі бар кезеңде жүргізіліп жатқан алдын алу жұмыстары туралы баяндады.
«Қазселденқорғау» ММ бастығы Кәрім Көкрекбаев бүгінгі таңда «Ақсай», «Аюсай» сел ұстайтын бөгеттердің құрылысы белгіленген кестесіне сәйкес жүргізіліп жатқанын, олардың аяқталу мерзімі 2023 жылға белгіленгені туралы айтып берді.
Естеріңізге сала кетейік, аталған бөгеттердің құрылысы сел тасқынынан туындайтын қауіпті азайтуға мүмкіндік береді және Ауезов, Алатау, Бостандық, Наурызбай аудандарының тұрғындары мен объектілерін басымды қорғауды қамтамасыз етеді
Кездесу қорытындысы бойынша Сенат депутаттары шұғыл қызметтердің төтенше жағдайларға жедел ден қоюға дайындығына оң баға беріп, құтқарушыларды жабдықтау мәселелерінде барынша қолдау көрсететінін білдірді.
Алматы қ.ТЖД баспасөз қызметі