
Ағымдағы жылғы су тасқыны Солтүстік Қазақстан облысында жергілікті атқарушы органдардың, СҚО ТЖ департаментінің тұрақты бақылауында. Тасқын суларға байланысты қолайсыз оқиғалардың алдын алу мақсатында 15 наурызда Уәлиханов ауданының Сілеті өзенінің сағасында, 28 наурызда Гусаковка, Жақсы-Жалғызтау, Имантау селоларының жанында Бабық-Бұрлық, Қарасу өзендерінің арнасында және Иманту көлінде жарылыс жұмыстары жүргізілді.
Бұл жұмысты жергілікті атқарушы органдар, СҚО ТЖД және Көкшетау қаласының мамандандырылған ұйымы- мұз кептелісін болдырмау және өзен деңгейін көтеру мақсатында ұзақ уақыттан бері жарылыс жұмыстарымен кәсіби айналысып келе жатқан «Көкше-БУР» ЖШС жүргізді. Бұл күндері барлығы 300 кг жарылғыш зат (петроген) салынды. Және келісілген уақытта ол кезең-кезеңімен 7 учаскеде, жалпы ауданы 2200 ш.м. қолданысқа келтірілді.
Сондай-ақ, облыстың Тайынша және Ғ.Мүсірепов аудандарының өзендерінде жарылыс жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.
СҚО ТЖ департаментінің
ТЖ алдын алу бөлімі