
«Жаңа Қазақстан» жобасы аясында ШҚО ТЖД мамандары психология ғылымдарының кандидаты, Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы филиалының директоры Сергей Ковалевпен кездесу өткізді.
Кездесу барысында даму мен ынтымақтастық перспективасы егжей-тегжейлі талқыланды.
Ынтымақтастықтың бағыттары Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы білікті мемлекеттік аппаратты дамытуға үлес қосу болып табылады. Жыл сайын мемлекеттік қызметшілерді Қазақстан Республикасының Президенті және ел Үкіметі белгілеген нормативтік құжаттармен және мақсатты бағыттырмен айқындалған мәні мен мақсаты бағдарламасы бойынша оқытады.
ШҚО ТЖД мамандары жеке құрам қоғамның жаңа тенденциялары мен талаптарына сай болуына және азаматтарға барынша жақын болуына және өз қызметін ашық түрде жүзеге асыруына назар аударады. Академия тарапынан ISO – 37001 – парақорлыққа қарсы менеджмент жүйесі стандарттарына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру аясында зерттеу, талдау, білім, әдістемелік және консалтингті қолдау ұсынылады.
Кездесу қорытындысы бойынша ШҚО ТЖД басшылығымен Академия базасында төтенше жағдайлар қызметінің мамандарын кезеңмен оқыту мәселесі қарастырылды.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметі