
Елордалық Өрт сөндіру қызметі «Хан шатыр» СОСО аумағында өрт-тактикалық оқу-жаттығулары жүргізілді.
Оқу-жаттығудың негізгі мақсаты – адамдарды қауіпсіз жерлерге көшіру әдіс-тәсілдерін қолдану, адамдар көп жиналатын ғимараттардағы өртті сөндіру.
Оқу-жаттығу барысында шартты өрт шығуын жою және адамдар мен материалдық құндылықтарды қауіпсіз эвакуациялауын қамтамасыз ету бойынша өрт сөндіру бөлімшелерінің қызмет көрсету персоналдарымен өзара іс-қимыл жасауына жөндеу жүргізілетін болады.
Осылайша, оқу-жаттығудың шартты жоспарына сәйкес 5 қабатта ғимараттың кемесінде орналасқан саунаның бу үй-жайында электр сымдарының қысқа тұйықталуынан жану орын алған, жанудың нәтижесінде палуба мен күмбезге оттың таралуы қаупі туды. Кеме үй жайында қатты түтін жайлады. Өрт дабылы іске қосылып, жануды байқаған қызмет көрсетуші қызметкерлер өртке қарсы қызметіне хабарлайды, сол мезетте электр жарығыны сөндіріп, нысанның күзет және әкімшілігі эвакуация есіктерін ашып, ғимараттан адамдарды эвакуациялауды жүргізеді және алғашқы өрт сөндіру құралдарымен өрт сөндіру жұмыстарын жүргізеді.
Күштер мен құралдарды жедел басқару орталығына хабар келіп түскен сәттен оқиға орнына үшінші шақыру нөмірі бойынша өрт сөндіру бөлімдері, жедел әрекет жасау қызметтері жіберіледі.
Жедел түрде жауынгердік қанат жаюды жүргізіп, өртті сөндіру және зардап шеккендерді іздеу жұмыстары басталады. Өрт сөндіру штабы ұйымдастырылады. Бөлімше зардап шеккендерді құтқару үшін іздеу және эвакуациялау жұмыстарын тоқтатпайды және зардап шеккендерге тез арада көмек көрсетілді. Өрт ауыздықталды, өрттің таралу қаупі жоқ.
Оқу-жаттығуға 8 бірлік техника және жеке құрамның 40 жұмылдырылды.
Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД баспасөз қызметі