Құтқарушылар суицидтің алдын алды

Құтқарушылар суицидтің алдын алды

2022 жылғы 27 наурызда 11 сағат 50 минутта Павлодар қаласының орталық жағалауында құтқарушылар Ертіс өзенінің жағасында отырған қызды байқады.

Құтқарушылар Анатолий Косоногов пен Валерий Чаленко 2005 жылы туған қыз балаға жақындап, әңгіме барысында өзіне-өзі қол жұмсау әрекетін анықтады. Құтқарушылар қыз баланы станцияға апарып, оның туыстарын шақырды. Құтқарушылардың қырағылығының арқасында, жасөспірімнің өз-өзіне қол жұмсауына жол берілмеді. Барлық жағдайлар анықталуда.

 

Павлодар облысы ТЖД