РЖҚЖ қызметкерлері бір тәулік ішінде үш адамды құтқарды

РЖҚЖ қызметкерлері бір тәулік ішінде үш адамды құтқарды

23 наурыз күні кешкі 20 сағат 30 минутта РЖҚЖ жасағының диспетчерлік бөліміне Алматы облысы ТЖД-нен Еңбекшіқазақ ауданындағы, Бартоғай маңында шетел азаматы жоғалып кетті деген хабарлама түсті. Турист ГЛОНАСС спутниктік жүйесі арқылы SOS сигналын жбергені және оның жіберген координаттар арқылы орналасқан жері анықталды.

Шелек ауылына келгеннен кейін, құтқарушылар тобы Еңбекшіқазақ ауданының №25 өрт сөндіру бөлімінің және ТЖБ өкілдерімен бірге жоғалған шетелдікті іздеуге шықты.   Алынған координаттар бойынша жол  Көкпек асуы арқылы,  Бартоғай су қоймасына дейін жетті.  Сол жерден екі турист Франция және Бельгия азаматы табылды. Құтқарылғандар жол талғамайтын көлікпен жүріп және көлік бұзылғанын айтты. Шетел азаматтарын Алматы қаласына жеткізілді.

 

РЖҚЖ баспасөз қызметі