
Әскери қызметшілерді құттықтауға Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті ардагерлер кеңесінің төрағасы Берік Елеуұлы және сарбаздар анасы төрағасы, Қазақстан халықтар ассамблеясының мүшесі Фатеева Мария Дмитриевна келді.
Әскери бөлімнің клубында әр бөлімшелер қазақтың салт-дәстүрін көрсетті. «Тұсау кесу», «Келін түсіру», «Құда түсу» секілді салт-дәстүрлер бойынша көрініс қойылды. Мерекеге келген қонақтар дастарханда наурыз көжеден ауыз тиіп, мерекелік концертті тамашалады.
Әскери бөлім командирі полковник Билялов Бауржан Ербулатович құттықтау сөз сөйледі. Ғасырдан-ғасырға, ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келе жатқан халқымыздың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын, бай мұрасын сақтау кейінгі ұрпақтың міндеті екенін атап өтті.
Сонымен қатар 2022 жылдың 20 наурызда Қарағанды қаласында Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамын мерекелеу қарсаңында ұйымдастырылған қоян-қолтық ұрыстан облыс біріншілігі өтті. Бұл жарысқа ҚР ТЖМ 52859 әскери бөлімнің 2021 жылдың қорытындысы бойынша “ҮЗДІК СПОРТШЫ” атанған коменданттық взводтың командирі аға лейтенант Омарбеков Азамат қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша Азамат күміс жүлдегер атанды.
ҚР ТЖМ 52859 әскери бөлімі