Жамбыл облысының өрт сөндірушілеріне алғыс білдірді

Жамбыл облысының өрт сөндірушілеріне алғыс білдірді

Өткен демалыс күндері Жуалы және Сарысу аудандарының өрт сөндірушілеріне кәсіби шеберліктері үшін тұрғындардан алғыстар келіп түсті.

2022 жылдың 19 наурызында №7 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушілері Жуалы ауданы Қарабастау ауылындағы шаруа қожалықтарының бірінің аумағындағы монша маңында шұңқырға құлап кеткен күшікті құтқарды. Өзінің кәсіби шеберліктері мен мен тәжірибелерінің арқасында өрт сөндіруші-құтқарушылар күшікті тез арада құтқарып, иесіне тапсырды. Ол өз кезегінде от жауынгерлеріне жедел әрекеттері  үшін үлкен алғысын білдірді.

Сол күні Сарысу ауданы Жаңатас қаласының №16 Өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушілері қайғылы жағдай орын алуы ықтимал төтенше жағдайдың алдын алды. Сағат 23:10-да Жаңатас қаласының Дегерес елді мекеніндегі тұрғын үй аумағындағы моншаның өртенгені туралы хабар келіп түсті. Оқиға орнына шұғыл түрде өрт сөндіру бөлімінің күштері мен құралдары жөнелтілді. Шақырту орнына келіп жеткен өрт сөндірушілер өртті тез арада жойып, оған жақын орналасқан тұрғын үй мен шаруашылық құрылыстарына қызыл жалынның таралуына жол бермеді. Үй иесі өз кезегінде қызметкерлерге осындай жедел жұмыстары үшін алғыс айтып, барлық жақсылықты тіледі.

 

Жамбыл облысы ТЖД

Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстар қызметінің

Қоғаммен байланыс тобы