Қостанай облысы жолдарындағы құтқару жұмыстары

Қостанай облысы жолдарындағы құтқару жұмыстары

Өткен тәулікте Қостанай облысы ТЖ департаменті жедел-құтқару жасағы бөлімшесінің қызметкерлері А-16 «Жезқазған-Петропавл» республикалық маңызы бар автожолының учаскелерінде азаматтарды құтқару үшін екі рет шықты.

Сағат 16:51-де ТЖД ЖҚБ күшімен құрамында 4 адам және 1 бірлік УАЗ техникасы бар 3 адам, оның ішінде 1 бала  қар құрсауынан босатылды.  Адамдар тұрған жеңіл автокөлік Арқалық қаласынан 10 шақырым қашықтықтағы тас жолда қарда қалып қойды. Құтқарушылар азаматтарды Арқалық қаласына жеткізді.

Сонымен қатар 20:35-тен 05:40-қа дейін Арқалықтан 40 шақырым  қашықтықтағы тас жолының көрнекті учаскесінде азаматтарды қар құрсауынан құтқару жұмыстары жүргізілді. Қар құрсауында қалған 6 жеңіл көліктің ішінде 15 адам, оның ішінде 6 бала болған. 4 қызметкер мен 1 бірлік техника – СКБ-600 қатысқан құтқару операциясы сәтті өтті. Азаматтарды Арқалыққа алып келді. Олардың ешқайсысы медициналық көмекке мұқтаж болмады.

«Қазақавтожол» РМК және «Жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары басқармасы» ММ деректері бойынша ауа райының нашарлауына байланысты 25 наурызда Қостанай облысының республикалық маңызы бар а/ж «Жезқазған-Петропавл» а-16 учаскесінде (Қарағанды облысының шекарасынан Ақмола облысының шекарасына дейін 252-377 шақырым) барлық автокөлік құралдары үшін қозғалыс жабылды).

 

Қостанай облысының ТЖД

Қоғаммен байланыс тобы