
2022 жылғы 24 наурызда департамент бөлімшелері авариялық-құтқару жұмыстарына 3 рет шықты. Оның барысында қар құрсауынан 14 адам, оның ішінде 2 бала құтқарылды.
Ақтоғай ауданында «Ақой - Ақсу-Аюлы – Ақтоғай» облыстық маңызы бар автожолының 160 км. сағат 15:38 Қарағанды облысы ТЖД күшімен қар құрсауында қалып қойған автожолдың тазартылған учаскесіне 2 жеңіл автокөлік сүйретілді. Автокөлік салонында 7 адам болды. Медициналық көмекті қажет етпеді.
Осакаров ауданында «Осакаровка-Молодежный» облыстық маңызы бар автожолының 55 км. сағат 20:23 Қарағанды облысы ТЖД күштерімен қар құрсауында қалып қойған автожолдың тазартылған учаскесіне 2 жеңіл автоколігі шығарылды. Салонда 6 адам, оның ішінде 2 бала болды. Медициналық көмек қажет болмады.
Қарқаралы ауданында «Қарқаралы-Егіндібұлақ» автожолы, Бүркітті ауылынан 30 шақырым жерде сағат 23:03 Қарағанды облысы ТЖД күшімен техникалық ақауы бар жүк көлігінен 1987 жылы туған әйел құтқарылып, Қарқаралы қаласының қонақ үйіне жеткізілді. Медициналық көмекті қажет етпеді.
ТЖД ауа райы нашарлаған кезде елді мекендерден тыс жерлерге жаяу және жол жүруден бас тартуды, ауа райы бойынша киінуді және өзімен байланыс құралдарын алып жүруді ұсынады.
Барлық оқиғалар мен ТЖ фактілері туралы 112 немесе 8(7212)43-36-36, 43-37-37 телефондары бойынша жедел хабарласу қажет.
Қарағанды облысы ТЖД басапасөз қызметі