24 наурызда Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бөлімшелері авариялық-құтқару жұмыстарына екі рет шығып, олардың барысында 7 адам эвакуацияланды.
Мақат ауданында Доссор кентінен 35 шақырым жерде орналасқан «Сармайшағыл» участкесі маңында автокөлік батып қалғаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына жеткен кезде, «Нива» маркалы автокөлік батпақты жерде батып қалғандығы анықталды. Автокөліктің жүргізушісі мен екі жолаушысын қауіпсіз жерге, яғни Доссор кентіне жеткізу жұмыстары жүргізілді.
Атырау қаласындағы Новокирпичный ауылынан 25 шақырым жерде орналасқан «Көшкінбай» қыстағының маңында «Toyota Hilux» маркалы автокөлігімен батпақты жерде батып қалған автокөліктің жүргізушісі және үш жолаушысы қауіпсіз жерге, яғни Атырау қаласына жеткізу жұмыстары жүргізілді.
Зардап шеккендер жоқ. Медициналық көмекті қажет етпейді.
Атырау облысы ТЖД
Қоғаммен байланыс тобы