
2022 жылдың 22 наурызында 28237 әскери бөлімінің жеке құрамы Наурыз мейрамын атап өтті.
Наурыз – халық бірлігінің мейрамы, халқымыздың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын дамытудың жаңа кезеңі. Осынау Наурыз мейрамында ұлттық нақышта киінген бөлімшенің әскери қызметшілері өз өнерлерін көрсетіп, мерекенің сәнін келтірді.
Ұлттық спорт түрлерінен «Арқан тартыс», «Көл күрес», «Асық ату», т.б. Арнайы жабдықталған киіз үйде қызметкерлер мен қонақтарға қазақтың ұлттық тағамдары, соның ішінде наурыз көже ұсынылды.
ҚР ТЖМ 28237 әскери бөлімі