Павлодар облысында екі балықшыны құтқарды

Павлодар облысында екі балықшыны құтқарды

2022 жылғы 23 наурызда 22 сағат 40 минутта Павлодар облысы ТЖ департаментінің «112» пультіне Ақтоғай ауданы Қараоба ауылында Ертіс өзенінің алқабында балықшылар жоғалып кеткені туралы хабарлама келіп түсті.

Іздестіру жұмысатырна Ақтоғай ауданының № 15 өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамынан 5 адам, жергілікті атқарушы органынан 2 адам және «102» қызметінен 1 адам шықты. Іздестіру жұмыстары барысында Қараоба ауылынан 12 шақырым жерде сағат 00.45-те Ертіс өзенінің алқабында екі балықшы құтқарылды. № 15 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері өрт сөндіруші-құтқарушы Қайыр Бейнбет және өрт сөндіруші-құтқарушы Сапарғалиев Айдос бір балықшыға қолдарынан демеп, қозғалуға көмектесті.

Азаматтарға медициналық көмек қажет болған жоқ.

 

Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметі