РЖҚЖ қызметкерлері Алматы тауларында ер адамды құтқарды

РЖҚЖ қызметкерлері Алматы тауларында ер адамды құтқарды

23 наурызда 22 сағат 25 минутта РЖҚЖ диспетчерлік бөліміне Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінен Іле Алатау таулары  Көк жайлауда 1998 жылы туған жас жігіт жоғалып кеткендігі туралы хабарлама  келіп түсті.          

Құтқарушылар оқиға орнына шығып, бұлаққа дейін жетіп, әрі қарай туристі іздеуді жаяу жалғастырды. Жас жігіт қатты мұздап қалған. Құтқарушылар зардап шегушіге алғашқы медициналық көмек көрсетіп, оны күтіп отырған ата-анасына тапсырды.

Құтқарушылар еске салады: жақындарыңызды әрқашан тауларға баратын  бағытыңызды  және болжамды қайту  уақытыңыз  туралы ескертіңіз, бұл сіздің өміріңізді сақтап қалуы мүмкін.  Тауларда суық болғандықтан ұялы телефон  қуаты  тез таусылады, қосымша қуатталған  пауэрбанкті,   сондай-ақ жылы заттар, термос және қажетті дәрі-дәрмектері бар алғашқы көмек жинағын  өзіңізбен бірге алуды ұмытпаңыз.

 

РЖҚЖ баспасөз қызметі