
2022 жылғы 24 наурызда сағат 05:30-да Алматы облысы ТЖД кезекші бөлімінің пультіне Алматы облысы Алакөл ауданы «Үшбұлақ-Қабанбай» автожолының 32 шақырымында үш адам қар құрсауында қалып қойғаны туралы хабарлама келіп түсті.
Оқиға орнына дереу құтқарушылар жіберілді. Келген бойда «Тойота Ипсум» маркалы автокөлік қар құрсауында қалып қойғаны анықталды, онда екі ер адам және бір әйел адам болған. Алматы облысы ТЖ департаменті қабылдаған шаралармен (2 қызметкер және 1 бірлік техника) 3 ересек азамат Қабанбай ауылына эвакуацияланды. Медициналық көмек қажет емес еді.
Алматы облысының ТЖД алыс жолға шығар алдында дауылды ескертулермен және 112 қызметі әлеуметтік желілер мен «Дәрмен» қосымшасы арқылы жіберетін автожолдардың жабылуы туралы ақпаратпен танысуды сұрайды. Қабанбай – Көктұма (6-97 км) автожолының жабылуы туралы хабарламаны сағат 16:30-дан бастап құтқару қызметі жіберді.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі