Петропавл қаласында ТЖ салдарынан қаза тапқан жұмыскердің денесі табылды

Петропавл қаласында ТЖ салдарынан қаза тапқан жұмыскердің денесі табылды

2022 жылғы 20 наурыз күні 19 сағат 20 минутта облыстық Төтенше жағдайлар департаментіне Петропавл қ.  «СевКазЭнерго» АҚ 2-ЖЭО жылу электр орталығын, қазандық цехының ғимаратында бірінші (объектідегі үш мұржаның бірі) түтін өтетін мұржаның жоғарғы бөлігі құлағаны туралы ақпарат түсті. Кезекші ауысым қызметкерлерінің бар-жоғын анықтау кезінде қазандық цехының жабдықтарын аралаушы-машинистің, 1984 жылы туған әйелдің жоқтығы анықталды. ТЖД қызметкерлерінің күшімен ТЖ орнында іздестіру-құтқару жұмыстары дереу басталды. Сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласының Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары жұмылдырылды. Кинологиялық есептер тартылды. 1 тәуліктен астам белсенді іздестіру жұмыстары жүргізілді.

22 наурызда 10 сағат 32 минутта құрылыс конструкциялары үйінділерінің астынан әйелдің жансыз денесі табылды. Сағат 12.05-те дене үйінділердің астынан шығарылды. Сот-медициналық сараптама жүргізу үшін арнайы органдарға тапсырылды. СҚО ТЖД психологиялық қызмет тобы марқұмның туыстарымен жұмыс істеуде.

 

СҚО ТЖД қоғаммен байланыс тобы