
"Өскемен-Қатон-Қарағай-Рахман қайнары" автожолы ауданындағы көшкін қауіпті учаске қысқы кезеңде автомобиль жүргізушілеріне қар көшкінінің өздігінен түсуімен бірнеше рет қауіп төндірді. «Қазселденқорғау» мамандары қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қарды алдын ала түсірді. Нәтижесінде тау басынан 4500 текше метр қар түсірілді», - деді "Қазселденқорғау "ШҚ филиалының басшысы Омар Дүзгімбаев.
Облыста қысқы кезеңнің басынан жалпы көлемі 80620 текше метр болатын 81 қарды алдын ала түсіру жұмыстары жүргізілді.
ШҚО ТЖД тауға шықпас бұрын дауылды ескерту бар ма екенін қарап алу қажеттігін еске салады. Тұрақсыз ауа температурасында, жел мен қатты жауын-шашында тауда болу қауіпті. Егер құтқарушылардың көмегі қажет болса, "112" нөміріне қоңырау шалыңыз. Дауылды ескертулер туралы "Дәрмен"мобильді қосымшасынан біле аласыз.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметі