Павлодарлық өрт сөндіруші-құтқарушылар өрттен 6 адамды, оның ішінде 2 баланы құтқарды

Павлодарлық өрт сөндіруші-құтқарушылар өрттен 6 адамды, оның ішінде 2 баланы құтқарды

2022 жылғы 19 наурызда Павлодар облысы ТЖ департаментінің «101» пультіне Гагарин 63/1 мекенжайында орналасқан бес қабатты тұрғын үйдегі өрт туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер екінші қабаттағы бір бөлмелі пәтердің залында үй заттарының, жиһаздың жанып жатқанын анықтады. № 3 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушілері аға лейтенант Ерғали Кәрімжанов, сержант Дамир Қабылбек, кіші сержант Әсет Әубәкіров, кіші сержант Олег Лопатенко 1985 жылы туған пәтер иесін құтқарды. Ол пәтердің кіреберісінен табылды. Өрт сөндірушілер ес-түссіз жатқан адамды есік арқылы шығарып, далада жасанды тыныс алу жасады. Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері Серік Түсіпов пен фельдшер Сваричевская Махаббат зардап шегушінің жүрегіне тікелей емес массаж жасады. Зардап шеккен адамда тыныс пен жүрек соғысы пайда болды. Оның АМО-ғы бірінші қалалық ауруханаға реанимация бөліміне жану өнімдерімен жедел ингаляциялық улану диагнозымен жатқызды. 

Өрт сөндіру қызметінің Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары Архипов Валерий, Ибраев Қанат, Смайылов Тілеубай, Колесников Александр, Хамит Самат екінші қабаттан альпинистік құралдардың көмегімен үш иінді баспалдақпен екінші қабаттың балконы арқылы 4 адамды, оның ішінде 2 баланы құтқарды.

Баспалдақ маршы бойынша № 4 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушілері старшина Рахметов Сұңғат, сержант Майсюк Алексей, старшина Макаров Рүстем әйел адамды екінші қабаттан далаға көтеріп алып шығып, құтқарды.

 Баспалдақ маршы бойымен өрт сөндірушілердің сүйемелдеуімен 11 адам, оның ішінде 2 бала эвакуацияланды.

Өрт сағат 00-27-де сөндірілді. Алдын ала себебі – электр сымдарының қысқа тұйықталуынан болды. Келтірілген шығын көлемі анықталуда.

Өрт орнында Павлодар облысы ТЖД жеке құрамынан 42 адам және 8 техника, АМО, «103», «102» қызметтері жұмыс істеді.

Павлодар облысының ТЖД азаматтарға қарапайым өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға кеңес  береді.

 

Павлодар облысы ТЖД