ТЖ министрлігінде Наурыз мейрамын атап өтті

ТЖ министрлігінде Наурыз мейрамын атап өтті

Төтенше жағдайлар министрлігінде көктемгі мереке Наурыз мейрамын атап өтті.

Шараға төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин, ТЖМ құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметкерлері, олардың туыстары, сондай-ақ шақырылған қонақтар қатысты.

Министр Юрий Ильин Наурыз мерекесімен құттықтап сөз сөйледі.

«Құтқарушы» спорт кешені аумағында таңертеңнен ұлттық әуендер ойнап, әндер шырқалды.

Арнайы киіз үйлер құрылды, онда қонақтар қазақтың ұлттық тағамдары мен наурыз көжеден дәм татты.

«Арқан тарту», «Қазақша күрес» спорттық ойындары өткізілді. Қызметкерлер «Тұсау кесу», «Сырға салу», «Бесікке салу», «Келін түсіру» сияқты ұлттық салт-дәстүрді көрсетті. Сонымен қатар келген қонақтар Алтыбақан теуіп, арнайы ұйымдастырылған концертті тамашалады.

 

 

ҚР ТЖМ баспасөз қызметі