Қарағанды облысында екі балықшы құтқарылды

Қарағанды облысында екі балықшы құтқарылды

18 наурыз күні сағат 13:05-те Балқаш қаласының 112 желісіне Приозерск қаласы Балқаш көлінің солтүстік-шығыс бағытында жағалаудан 10-12 шақырымдай жерде мотоцикл мінген екі балықшы мұз айдынында қалып қойғаны туралы хабарлама келіп түскен. Олар өз бетімен жағаға орала алмаған. Зардап шеккендермен телефон байланысы болды.

Сағат 15:40-та Қарағанды ​​облысы ТЖД мен жергілікті тұрғындардың күшімен 2 ер адам құтқарылып, жағаға жеткізілді.

Іздестіру-құтқару жұмыстарына Қарағанды ​​облысы ТЖД 3 құтқарушы, 2 бірлік техника және  1 су көлігі жұмылдырылды.

Құтқарушылар мұздың үстінде қауіпсіздік шараларын сақтау қажеттігін ескертеді.

Түнде және нашар көрінетін жерде мұзға шықпаңыз. Ауа райының қолайсыздығына байланысты мұз жұқарған. Сондай-ақ, өзендер мен салалардың сағаларында мұз әлсіз келеді. Мұз  ағыстары қатты жерлерде, бұлақтарда және ағынды суларда, сондай-ақ су өсімдіктері өсетін жерлерде, ағаштар мен қамыстардың жанында да әлсіз екендігін еске саламыз.

Төтенше жағдайлар туындаған жағдайда 112 немесе 433636, 433737 телефондарына хабарласыңыздар!

 

 

Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі