Су тасқынына дайындық ерекше бақылауда

Су тасқынына дайындық ерекше бақылауда

Қостанай облысы өңірлік коммуникациялар қызметінде ТЖ департаменті бастығы полковник Б.Кәрімов сөз сөйледі. Журналистермен кездесуде облыстық ведомство басшысы халықты және өңір аумағын су тасқыны қаупінен қорғау бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы айтып берді.

Облыс бойынша орташа алғанда қар жамылғысының биіктігі көпжылдық мәннен біршама асып, орташа есеппен 28 см құрады, нормада 21 см. «Қардағы ылғал қоры 87 мм-ге жетеді, бұл облыс бойынша орташа нормадан жоғары. Осы мәліметтер негізінде, жауын - шашын және қар түріндегі жауын-шашынмен ілесе жүретін ауа температурасының болжамсыз жоғарылауы жағдайында Арқалық қаласы, Амангелді, Жангелдин, Наурызым, Қарасу және Сарыкөл аудандарының аумағындағы су тасқыны жағдайының күрделенуі мүмкін,» - деп хабарлады Б.Кәрімов. Су тасқынына қарсы өткізілген іс-шаралар 6 ауылда су басудың ықтимал қаупін жоюға және 50 елді мекенде су басуды азайтуға мүмкіндік берді. 34 елді мекенде су басу қаупі сақталуда.

Су тасқынының алдын алу үшін ТЖ департаменті жергілікті атқарушы органдардың 2021-2023 жылдарға арналған Жол картасының су тасқынына қарсы іс-шараларын орындауына мониторингті жүзеге асырады. Жалпы, су тасқынының алдын алу және салдарын жою үшін 135 тоннадан астам жанар-жағар май, төғыз мын тонна инертті материалдар және 46 мың дана қаптар дайындалды. Су тасқыны кезеңінде зардап шеккен халықты жинайтын 195 пункт анықталды, олар 11 мыңнан астам адамды қабылдай алады. Аумақтарды айналып ұшуға шарт жасалды.  Ғарыштан түсірілген суреттер де көмектеседі, - деп атап өтті ТЖД бастығы. 20 дамба мен бөгетті жөндеу және нығайту бойынша инженерлік жұмыстар жүргізілді, жалпы ұзындығы 8 шақырым 3 қорғаныс білігі салынды, ұзындығы 8 шақырым 3 канал кеңейтіліп, тереңдетілді, 9 канал жөнделді, 105 су өткізу құрылғысы және 10 шақырымнан астам қалалық нөсер жауын кәрізі тазартылды. Тұрғын үйлерді еріген су басуына жол бермеу мақсатында әкімдіктер елді мекендерден 630 мың м3 қар шығарды. Қар шығару жалғасуда. Сондай-ақ, төтенше резервке және шұғыл шығындарға арналған резервке әкімдіктер 629 млн.теңге салды. Наурыздың үшінші онкүндігінде облыстың 6 ауданындағы өзендердің 15 күрделі учаскесінде жарылыс жұмыстары жоспарланған.

Су тасқыны кезеңінде облыстық, қалалық және аудандық жедел штабтар өрістетіледі. Су тасқыны кезеңіндегі ТЖ салдарын жою үшін облыс аумағында жалпы саны 2 649 адам, 1 070 бірлік техника, 114 бірлік жүзу құралдары, 272 мотопомпа жұмылдырылады.

 

Қостанай облысының ТЖД

Қоғаммен байланыс тобы