
2022 жылғы 18 наурызда сағат 00.49-да 101 пультіне Теректі ауданы Барбастау-Индер тасжолында Ақжайық және Үлкен Еңбек ауылдары арасында қар құрсауында бірнеше автомобиль қалып қойғаны туралы хабарлама келіп түсті.
Оқиғаны барлау барысында аталған мекенжайда тасжолдың 52 шақырымында қар құрсауында Ваз-2112 автомобилі қалып қойғаны анықталды. Сондай-ақ автомбильдің 4 жолаушысы жақын жерде орналасқан Ақжайық аулыдық жылыту пункітіне эвакуацияланды. Жұмыс сағат 01.42-де толықтай аяқталды.
Оқиға орнында қызметтің № 25 өрт сөндіру бекеті 1 техникасы мен жеке құрамның 4 қызметкері жұмыс атқарды.
БҚО ТЖД баспасөз қызметі