
Солтүстікқазақстандықтар бірнеше рет су тасқынына тап болды және осы қауіпті табиғи құбылыста қандай жойқын күш жатқанын біледі. Сондықтан аудан аумағындағы жағдай жергілікті атқарушы органдардың, азаматтық қорғау қызметтерінің, СҚО ТЖ департаментінің тұрақты бақылауында.
Жақында жұмыс сапарымен Айыртау, Ғ.Мүсірепов, Есіл, Қызылжар, Тимирязев, Шал ақын аудандарында СҚО ТЖД бастығы полковник Рамиль Камалов болды. Рамиль Фаткулович аудандық әкімдіктер мен ауылдық округ әкімдіктерінің, азаматтық қорғау қызметтерінің басшылық құрамымен және ТЖ бөлімдерінің бастықтарымен бірге елдімекендерді су тасқыны құбылыстарынан қорғау жөніндегі инженерлік іс-шаралармен танысты (құламалар, су өткізу құбырларын, кюветтер мен арықтарды тазарту, қарды шығару, өзен арналарын тазарту).
Жергілікті атқарушы органдардың және СҚО ТЖ департаментінің күштері мен құралдарының жедел әзірлігін тексеру шеңберінде су тасқыны кезеңінде ТЖ жоюға арналған техниканы қарау өткізілді.
Әрбір ауданда департамент бастығының, әкімдер аппаратының, азаматтық қорғау қызметтері бастықтарының және мүдделі органдардың қатысуымен ТЖ жөніндегі аудандық комиссиялардың отырыстары өткізілді, онда 2022 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындыққа қатысты проблемалық мәселелер қаралды.
Сапар барысында департамент бастығы тек уақтылы қабылданған шаралар ғана халықты сенімді қорғауға, ықтимал ТЖ-ның дамуына жол бермеуге қабілетті екенін атап өтті. «Ең бастысы - су тасқыны қаупін азайтып, ауылдардың қалыпты тіршілігін қамтамасыз ету», - деді Рамиль Фаткулович.
Су тасқыны қаупіне жедел ден қою үшін облыста құқық қорғау органдарының қызметкерлерінен құрамында 475 адам, 134 бірлік техника бар күштер мен құралдар тобы құрылды.
Осы саннан Департамент тобының құрамында халықты тасымалдау және эвакуациялау үшін өтімділігі жоғары 10 вахта-автобус, 5 батпақ-жол талғамайтын көлік, 5 жүзу құралы, 85 мотопомпа, 370 су өткізбейтін костюм және сыйымдылығы 400 адамнан асатын 21 шатыр тартылатын болады.
СҚО ТЖД баспасөз қызметі