Құтқарушылардың оқу-жаттығу түсірілімдері

Құтқарушылардың оқу-жаттығу түсірілімдері

2022 жылғы 15-19 наурыз аралығында ҚР ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының қызметкерлері Алматы қаласында оқу мақсатында сүңгуірлік түсу өткізуде. Тәжірибелік сабақтар «Аэропорт» суда құтқару станциясында өтуде. Суға  сүңгуге арналған арнайы  құралдармен   жабдықтардың ақаусыздығын тексергеннен кейін суға батқан затты іздеу, қалқымалармен жүру, қайықтан түсу және авариялық сүңгуірге көмек көрсету бойынша жаттығулар басталды. Сонымен қатар, су астында бағдарлау және су астында қозғалу дағдылары пысықталды.  

Жалпы жасақта «сүңгуір» біліктілігі бар 36 құтқарушы бар.

Құтқарушылар сүңгуірлік бөлімнің жетекшісінің бақылауымен үнемі  сүңгуірлік оқу-жаттығу түсулерін өткізеді. Тұрақты жаттығулар сүңгу кезінде шеберлікті шыңдауға, денені шыныққан күйде сақтауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, сүңгуір жабдықтарын үнемі тексеріп отыру керек. Өйткені ол үнемі жұмысқа дайын болуы қажет. Қиыншылыққа тап болған адамның өмірін сақтау осыған байланысты болуы мүмкін.

 

ҚР ТЖМ РЖҚЖ баспасөз қызметі