
№ 2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің базасында 2022 жылғы су тасқыны кезеңіне өрт сөндіру қызметі бөлімшелерінің күштері мен құралдарының әзірлігі тексерілді.
Жеке құрамның техникасы мен киім-кешегінің жарамдылығы туралы барлық мәліметтер қаралды. Ақмола облысы ТЖД бастығы Нұрлан Атығаев су тасқынына әзірлікке техниканы тексерді.
«Біздің облыс көктемгі кезеңдегі төтенше жағдайларға ұшырағыш, сондықтан техниканы тексеру және жеке құрамның апат соққыларына дайындығы өте маңызды екенін атап өту қажет, – деді Нұрлан Бауыржанұлы.
Жалпы өңірде жеке құрамнан 445 адам, 84 техника жұмылдырылды. 813 бірлік қорғаныс костюмдері, 50 су сорғыш және 12 жүзу құралдары бар. Су тасқыны шиеленіскен жағдайда ТЖ аймағына жіберілетін қосымша екі мобильді топ құрылды. Мобильді топтар 31 бірлік техникамен, жеке құрамның 119 адамымен, 119 бірлік қорғаныс костюмдерімен, 17 су сорғыш және 10 жүзу құралдарымен жабдықталған», - деп өңірдің ТЖД хабарлады.
Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі