Көшкін ахуалының мониторингі

Көшкін ахуалының мониторингі

Көшкін ахуалына мониторингті «Қазселденқорғау» ММ бақылау және хабарлау қызметінің жыл бойғы 62 бекеттері, 24 қар өлшеу маршруттары және 29 диспетчерлік бекеттері жүзеге асырады.

        Қар көшкінінің түсуіне дер кезінде әрекет ету үшін «Қазселденқорғау» ММ бөлімшелері күшейтілген жұмыс режиміне ауыстырылды. Барлық филиалдарда, өндірістік-пайдалану учаскелерінде басшылық пен бас мамандар қатарынан жауапты қызметкерлердің кезекшілігі жалғасуда.

        Қазселденқорғау аумақтық басқармаларының жалпы саны 115 адам мен 64 бірлік техниканың 12 авариялық бригадасы ден қоюға дайын.

        Бүгінгі таңда жалпы көлемі 145 695 м³ құрайтын қар көшкінінің 101 мәжбүрлеп түсүру жүргізілді. Сонын ішінде Алматы қаласында – 14 көлемі 80 800 м³, Алматы облысында – 18 көлемі 95 м³, Шығыс Қазақстан облысында – 69 көлемі 64 800 м³.  

        Көшкін қаупі бар кезеңде өзін-өзі ұстау ережелері туралы халықты ақпараттандыру шеңберінде баспа басылымдарында 26 мақала, веб-сайттарда 103 орналастырылды, радиодан 1, теледидарда 12 сөз сөйлеу ұйымдастырылды. Көшкін қаупі бар учаскелерде 97 ақпараттық қалқан қойылды. Көшкін қаупі бар учаскелерге 515 жерүсті және 6 аэровизуалды тексеру жүргізілді. Көшкін қаупі бар аймақтарда орналасқан әкімдіктерге, ұйымдар мен кәсіпорындардың басшыларына, жеке үй иелеріне 1109 хабарлама-ұсынымдар берілді, 6561 жаднама таратылды.     Көшкін қауіпті кезеңнің басынан көлемі 182 625 м³ 95 қар көшкінінің өздігінен түсуі тіркелген. Соның ішінде 79 - Алматы қаласында көлемі 174 240 м³, 10 - Шығыс Қазақстан облысында көлемі 6030 м³, 6 - Алматы облысында көлемі 2 355 м³.

Қазселденқорғау бөлімшелерінің бақылау республикада көшкін болу жағдайы бойынша жұмысы жалғасуда.