
Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары өскелең ұрпақтың қауіпсіздігін оқытуға көп көңіл бөліп, оқу үрдісіне жаңа тәсілдерді енгізуде.
Алтай қаласындағы «Жаңа Қазақстан» идеясы аясында ТЖБ мамандары өрт қауіпсіздігі қағидаларын қолжетімді және қызықты түрде түсіндіруді ойлап тапты. Мектептерде «қауіпсіздік қоңыраулары» қолданыла бастады.
Кейбір оқушылар арнайы жарқын костюм киіп, өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамаса және құтқарушылардың ұсынымдарын елемейтін болса, өрттің қалай қауіпті және басқарылмайтын болатынын айтады. Ал басқалары сауатты жауаптар береді және шартты түрде отты сөндіреді. Содан кейін «от» басқа сыныптарға жіберіледі. Оқушылармен ШҚО ТЖД мемлекеттік өрт бақылау инспекторы егжей-тегжейлі нұсқама өткізеді және ережелерді түсіндіреді.
«Біз оқу уақыты арасындағы үзілістерді оқушылардың әрқайсысы оларды пайдалы өткізіп, өрт кезінде өзін-өзі ұстау дағдыларын, ең бастысы өрттің алдын алуға көмектесетін ережелерді меңгеруі үшін пайдаландық. Сахнаны өрт туралы қойылымды іске қостық, бұл арқылы өскелең ұрпақ үшін аса қызықты ақпаратты жеткізуге болады», - деп Алтай ауданы ТЖБ бас маманы Алевтина Мамаева атап өтті.
ШҚО ТЖМ баспасөз қызметі