ТЖМ күштері Тараз қаласында жауын салдарынан жайылған сумен күресуде

ТЖМ  күштері Тараз қаласында жауын салдарынан жайылған сумен күресуде

Қатты жауын-шашынның түсуі нәтижесінде аула аумақтарынан, сондай-ақ тұрғын үйлердің жерлеу үй-жайларынан суды сору үшін өрт сөндірушілер мен құтқарушыларды шақыру жағдайлары жиілеп кетті. Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары мен қалалық өрт сөндіру бөлімдерінің өрт сөндірушілері балшықты мотопомпалардың көмегімен аумақты тазалау жұмыстарын жүргізеді. Жеке құрам мен қажетті техника тәулік бойы кезекшілікте болады.

Осыған орай, Жамбыл облысы ТЖД Тараз қаласы мен облыс тұрғындарына үй маңындағы арықтарды қоқыстардан тазартып, жиналған судың ағып кетуіне мүмкіндік жасаған жөн екендігін ескертеді.

 

Жамбыл облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің Қоғаммен байланыс тобы