52859 әскери бөлімінде семинар-тренинг өткізілді

52859 әскери бөлімінде семинар-тренинг өткізілді

2022 жылғы 14 наурызда «2022-2025 жылдарға арналған азаматтық қорғау органдарының жеке құрамы арасында суицидке жол бермеудің алдын-алу» жоспарына сәйкес ҚР ТЖМ 52859 әскери бөлімінде бөлімшелердің офицерлері мен келісім-шарт бойынша әскери қызметшілері арасында оқыту тренингі өткізілді.

Бұл іс-шараның мақсаты жеке тұлғаның психологиялық ерекшеліктерінің заңдылықтары туралы теориялық білім беру, суицидтік мінез-құлықтың алдын-алу теориясы мен тәжірибесімен таныстыру.

Семинар-тренингті өткізуге «Сенім» ұтымды психология орталығының жетекшісі, психолог, психодраматерапевт, МИГиП аймақтық білім беру бағдарламаларының оқытушысы Отыншина Гульмира Сайдыновна шақырылды.

Семинар-тренингті өткізу барысында Гүлмира Сайдынқызы
қатысушыларға жастар арасында суицидтің алдын-алу бойынша жұмыстың әдістері мен нысандары туралы құнды теориялық ақпаратпен бөлісті, практикалық әдістемелер талқыланды, сондай-ақ қатысушылар әріптестерімен өз тәжірибесімен бөлісуге мүмкіндік алды. Белгілі болғандай, әскери қызметшілер арасында жасөспірімдердің суицидтік мінез-құлқын анықтау және алдын-алу тақырыбы қазіргі уақытта өте өзекті болып отыр және семинарға қатысушылар сарапшыны қызығушылықпен тыңдап қана қоймай, өзекті мәселелерді талқылауға белсенді қатысты.

 

ҚР ТЖМ 52859 әскери бөлімі