Алматы облысында ер адам мен үш бала көлікте қалып қойды

Алматы облысында ер адам мен үш бала көлікте қалып қойды

        

РЖҚЖ құтқарушылары 14 наурыз күні  22 сағат 34 минутта Алматы облысы, Қарасай ауданына шұғыл жол тартты. Ер адам кезекшіге, балаларымен бірге жазық далада көлігі балшыққа батып қалғанын айтып хабарласты. Түннің қараңғылығы жағдайды қиындатты, әрі өз бетінше тығырықтан шыға алмасы анық. Көлікте он, алты және бес жастағы үш бала болған.

Жедел топ оқиға орнына шұғыл келіп, зардап шеккендерді Райымбек ауылына дейін эвакуациялады.

Құтқарушылар көлік иесіне үйден шыққан кезде ауа райы болжамымен танысып, автокөліктің техникалық жай-күйінің дұрыстығына көз жеткізу қажет екенін еске салады.

Бірыңғай құтқару телефоны: 112 немесе 8(727)372-15-60( РЖҚЖ кезекші бөлімшесі)

 

ҚР ТЖМ РЖҚЖ баспасөз қызметі